План-конспект урока ?атынас ыдыстар


Ахметова Алтын Олжабаевна ,
Астана қаласы , Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі.
7 сынып, физика
Эпиграф: «Уақытыңды тиімді пайдалана білсең ,оның бағасы да арта түседі . »(Ж.Ж.Руссо)
Тақырып: Қатынас ыдыстар
Сабақтың мақсаты:
Қатынас ыдыстар туралы мағлұмат беру оның қасиеттерін, ерекшеліктерін біліп есеп шығаруда және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету .
Білімділік: қатынас ыдыстар ерекшеліктерін білу.
Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту , ой –өрісін кеңейту , ізденімпаздығын арттыру , шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру .
.
Тәрбиелік : оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру , өздерінің білім нәтижесіне саналы көзқарасын қалыптастыру. Пәнеге деген қызығушылықтарын арттыру, өз сыныптастарын тыңдауға және бұл тақырыпты күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі:
Электрондық оқулық «Физика – 7»,бейне фильм; презентациялар.
Көрсетілім құралдары: манометр, су, қатынас ыдыстар ,шәйнек, машина майы, глицерин, стақан .
Тарату парақтары деңгейлік,бағалау парағы, жетондар, түрлі – түсті суреттер.
Сабақты өткізудің әдіс – тәсілдері : Зерттеу әдісі, диалог , миға шабуыл ,
деңгейлік есептер,сұрақ –жауап, СТО,көрнекілік әдіс,ойын.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастру кезеңі.
Психологиялық дайындық
II. Өткен сабақтағы тақырыпқа шолу : « Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым »
а/. Бейне фильмдегі көрсетілімді- тақтада түсіндіру .
ә/ . Дайындалған көрсетілімді - тақтада көрсету , түсіндіру.103-сурет
б/. Эксперименттік есеп ( салыстыру , кестемен жұмыс , есептеу ) - топпен жұмыс
в/.Деңгейлік есептер - топпен жұмыс
Бірінші деңгей
40м тереңдіктегі судың қысымы қандай ?
Екінші деңгей
Ыдыс түбінен деңгейі 9,5 м мұнайдың бак түбіне түсіретін қысымын есептеңдер. Ауданы 290 м ² бак түбіне түсіретін жалпы қысым күшін анықтаңдар .
Үшінші деңгей
Су мұнарасындағы су деңгейінің биіктігін анықтаңдар ,егер су түбіндегі манометр 220кПа қысымды көрсетіп тұрса.
Әрбір тақтадағы шығарылған есепті қорытындылау.
III.Бағалау парағына ,бағаларды қою
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а/ Элктондық оқулық тан көрсетілім «Қатынас ыдыстар түрлері»
ә/ Оқулықпен жұмыс : 106 сурет
б/ Шәйнектер ерекшелігі неде ?
в/ Қай шәйнекке суды толтырып құя аламыз ?
г/ Шүмектерінің ұзындығына сәйкес құйылған су қалай өзгереді ?
V . Тәжірибелер №1 Оқулық бойынша
Тәжірибелер №2 Оқулық бойынша
VI . Негізгі формулаларды түсіндіру көрсетілім арқылы :
P1 = P2 gρ1 h1=gρ 2h2

h1 ρ 2
─ = ─
h2 ρ1
VII .Физикалық лото ойыны .
Түрлі – түсті өтілген тақырыпқа сай суреттерге ,қол көтеріп ,толық , дұрыс , тез жауап беру , талапқа сай жауап берген оқушыға жетон, соның санына сай баға.
VIII. Жаңа сабақты бекіту . Деңгейлік есептер жинағы . 7-8 сынып авторы
Ахметова Алтын Олжабаевна (топпен жұмыс)
а/Қатынас ыдыста су мен сынап бар . Су бағанының биіктігі 68 см .Сол жағы мен оң жағының деңгейі бірдей болуы үшін керосин бағанының биіктігі қандай болуы тиіс ?
ә/Қатынас ыдыста сынап бар .Оң жақтағы түтігіне 34 см керосин құйғанда, сол жақ түтіктегі сынап деңгейі 2 см-ге көтерілді . Сынап қос түтікте бірдей деңгейде болуы үшін сол жақ түтікке биіктігі қандай су құю керек ?
б/ Егер 100 – суреттегі № 1,2,3 қатынас ыдыстарға қосылған №4 ыдыс суретте көрсетілгендей етіп сұйықтықпен толтырылған болса ,басқа ыдыстарының бос бетіне судың көтерілу биіктігін суреттен көрсетіңдер .
X . Қорытынды . Бағалау парағына ,бағаларды қою
XI.Үйге тапсырма беру
IX . Рефлексия

Приложенные файлы


Добавить комментарий