Саба?ты? та?ырыбы: Болымды ж?не болымсыз етістік 3сынып


17.03.16ж.Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін пысықтау, сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.ә) Оқушылардың тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.б)Оқушыларды табандылыққа, шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар,Көрнекіліктер: қарлар, оқулық, стикерлер.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру . Сыныпты 3 топқа бөлу..Психологиялық дайындық
Алғырлар, зеректілер, тапқырлар.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру? «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!» Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата? Негізгі етістік деген не? Туынды етістік деп нені айтады?Дара етістік дегеніміз не?Күрделі етістік дегеніміз не?- Көркем жазу минуты
III. Жаңа сабақ: Болымды және болымсыз етістік.Етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді. Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады..Мысал: айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме, т..
IY. Оқулықпен жұмыс. 42- жаттығу .Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тап, олардың болымды, болымсыз екенін айт.Болымсыз етістігі бар шумағын көшіріп жаз.43 — жаттығу . Берілген етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап, болымсыз етістік жаса.
Жібер- жіберме, шақыр- шақырма, ал - алма, жап - жаппа, төк - төкпе, шық -шықпа.
44-жаттығу. Болымсыз етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
45-жаттығу. Сөздерді оқып, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтарды ата.Сөйлем құрастыр.
Y. Сергіту. Ойын: "Кім шапшаң?" 46-жаттығу.Ауызша орындау. 48 - жаттығу .Мәтінді оқы, етістіктерді тап.
49-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Көшіріп жаз.
50-жаттығу.Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз.
бар-барма, кел-келме, кес - кеспе, аш- ашпа, жон жонба, үз - үзбе.
51-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.Ойын: «Ойнап отыр, ойлап отыр»: Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету. Үйілген сұр төбешік күл ме? Досыңды мұқатып күлме. Көліктен секіріп түспе .Жылтыраған қызыл түс пе?Қарлығаштың ұясын бұзба. Өтірік айтпа. Үйге жүгіріп кірме.Басыңды шайқама.Нанды бір қолмен бөлдің бе?
YI .Бекіту. Топтар бір-біріне сұрақ қояды. Бағалау.
YII. Үйге: ережені жаттап келу. 52- жаттығу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий