?аза? сазгерлері.??рман?азы.


Сабақтың тақырыбы : Қазақ сазгерлері. Құрманғазы.
Сабақтың мақсаты : Қазақтың біртуар перзенті, күйші-композиторы Құрманғазының өмір жолы мен өнерпаздығының белсенді кезеңдері жайлы түсінік беру.Жаңа сөздерді үйрету.Мәнерлеп оқуға, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.Жаттығулармен жұмыс істеп, өткен грамматикалық тақырыптарды бекіту.Өнерді құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі : презентация,портрет
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру
ІІ. Тіл дамыту
1. Сұрақ-жауап
2. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Тақырып
1. Құрманғазының өмірін кластер әдісі арқылы түсіндіру.1818 ж. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, жиделі жері

1889 ж.Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылында қайтыс болған


Тума талант иесі
зерек, ұғымтал, өте дарынды болған
Құрманғазы Сағырбаев


өз күйін шығара бастаған(Адай, Сарыарқа, Ақбай, Кішкентай,Балбырауын, Жігер,Бозшолақ т.б.)
күйді сүйіп тыңдаған

атақты күйші, композитор

2. 135-беттегі мәтінмен жұмыс.Аудару.Сұрақтарға жауап беру.
Құрманғазы – кім?
Ол қашан, қайда туған?
Ол неге қарсы күресті?
Қандай күйлері бар?
Хамит Ерғалиев не жазды?
Құрманғазының портреттік образын кім жасады?
Алматыда Құрманғазының есімімен не аталады?
3. Кестені толтыр ( 4- тапсырма, 136- бет)
№ Қазақ сазгерлері Өмір сүрген жылдары Шығармашылық еңбектері
1. Ахмет Жұбанов 1906 - 1968 ж.ж. 1934 жыл Алматы, қазақтың халық аспаптар оркестрі.«Абай», «Құрманғазы» атты зерттеу еңбектері
2. Мұқан Төлебаев 1913 - 1960 ж.ж. 1942-1944 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрінің дирижері
3. Құрманғазы Сағырбаев 1818 - 1889 ж.ж. «Серпер», «Кісен ашқан», «Алатау» «Көбік шашқан», «Ақсақ киік» т.б.
4. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазу.
Қазақ халқы ән... бай.
Біз... әнші-композиторларымыз ұрпақ... - ұрпақ... жалғасатын, құлақ... кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлайды.
Қазақ... ән мен жыры... ғажайып сыры, ғасырлық тарихы бар.
Сәби... бойы... ән мен жыр ана сүті... дариды.
Жыр тыңдап өскен бала... қабылдау қабілеті, сана-сезімі, ақылы айрықша дамыған.
Ән – адам... өмірі..., сезімі мен көңіл күйі... айнасы.
Ән – адам... ой – сезімі... білдіреді, тәрбиелейді.
5. Күйші, домбыра - сөздерін септеу
ІҮ. Бекіту
Ү. Қорытынды
1. Үйге тапсырма : 136 – беттегі диалогты жаттау
2. Бағалау

Приложенные файлы

  • docx 30546021322
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий