Урок по казахскому языку на тему Сан есімні? емлесі. Сан есімнен ?ткенді ?айталау


1.Пән аты: қазақ тілі
2.Класы: 6 «А», «Ә»3.Күні, айы, жылы: 5.12.15.
4.Мұғалімі: Икласова Н.К.
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты. Сан есімнен алған білімдерін пысықтау, сан есімнің емлесін түсіндіру
Міндеттері:
1. Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;2.Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.3. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі. қайталау, білімді жинақтау
Сабақтың әдістері. :   сұрақ – жауап, өз бетімен және топпен жұмыс істеу.         
Сабақтың көрнекілігі. интерактивті тақта, Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі. оқушыларды түгендеу; оқу құралдарын тексеру;оқушылардың зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу.
Шаттық шеңбері:
Балалар, кәне баршамыз ортаға дөңгеленіп тұрып, бір-бірінмізге бүгінгі күнге жақсы тілек тілейік.
Тілек тілеп болғасын 1,2,3-ке саналайықшы. Ал енді әркім өз санының тұсына отырады.
II.Үй тапсырмасы.
116, 122- жаттығулар. Ереже
р/с Сан есімнің емлесіМысалдары1 Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Жиырма бес, бір миллион жеті жүз алпыс бес мың2 Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. Атам 70-ке толды. Інімнің жасы 10-нан 11-ге қарады.
3 Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбаланғанда, -ыншы, -інші, -ншы,     -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. 6-сынып, 5-қатар, 20-есеп, 123-мектеп, т.б.
4 Ал рим санымен берілгенде дефис қойылмайды. V Сынып, ХХІ ғасыр, V қатар, т.б.
5 Жыл, ай, ғасыр, күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды.  1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз6 Екі, алты, жеті есептік сан есімдеріне жинақтық сан есім жасайтын –ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, түбір соңындағы (ы, і) дыбыстары түсіп қалады. Ек(і)еу, алт(ы)ау, жет(і)еу7 Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады. 10-даған, 20-дай, 1000-дап, 50-55-тердегі
III Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. (слайд №1)
ІV Бекіту .
Оқулықтан 183-жаттығу орындауДара сан есімдерді бір бағанға,күрделі сан есімдерді бір бағанға жазу
Полиглот Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып,оны қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту, дәптерге түсіру. . (слайд №2)1. ...атасын білмеген жетесіз (жеті)2. Қызға ... үйден тыйым (қырық)3. ... сомың болғанша, ... жүз досың болсын (жүз)4. ... ала болса, ауыздағы кетеді (алтау)5.Білекті ... жығар, білімді ... жығар (бір,мың)6.Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені (екі)7. ... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер (алты,алпыс)8. ... өлшеп , ... рет кес. (жеті,бір )9. Білгенің - ... , білмегенің - ...(тоғыз,тоқсан тоғыз)
« Сиқырлы сандар сөйлейді»
— Балалар, бұл – сиқырлы сандар. Әр санның өз құпиясы бар.Сандардың құпиясына тоқталайық.Сандарды рет – ретімен ашамыз. Ашқан сандар нені білдіретініне жауап беру. Және сол санның сұрағына жауап беру. . (слайд №3)
16 Сан есім дегеніміз не?
1991 Есептік сан есімнен реттік сан есім жаса.Тоқсан бір, он алты, жиырма, жүз, мың, сексен алты.
1997 Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.
1989 Мақал- мәтелдерді аяқта.
· … саусақ бірдей болмас.
· Білекті … жығады, білімді … жығады.
· …. кісінің түсін білгенше, … кісінің атын біл.
· … ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
· … ала болса,ауыздағы кетеді, … түгел болса, төбедегі келеді.
2017 Сандарды оқы, құрамына талда. 25, 201, 894, 1045, 506, 1023, 5,6
2030 Сөз тіркестерін ағылшын тіліне аудар. 21 дом, 6 улица, 1991 год, 8 стол, 16 лет
Кім жылдам ? . (слайд №4)Бір буынды , екі буынды , үш буынды сан есімдерді тез тауып жазу шарт.
Ойлан тап ! . (слайд №5)1. Нөмірленгендегі таңба мен жазылғандағы әріп саны тең болып келетін қандай сан есімдер ?( жүз -100 , миллион -1000000, он – 10)2. Сандық мәні көп болса , буыны бірге тең қандай сандар.(100 – жүз, 1000 – мың )
Жалғастыру . . (слайд №6)Төмендегі сөздерге лайықты сөздер тіркеп, кім жылдам жалғастыра алады.
Бір шымшым су
Бір жайым бұлт
Бір шөкім тұз
Бір қайнатым өлең
Бір асым қамыр
Бір ұрттам ет
Бір ауыз Шай
V Сабақты қорыту.
Қатесін тап. . (слайд №7)
1.     Мен биыл 6 сыныпқа барамын.
2.     Сен «Абай жолы» романының  II - томын оқыдың ба?
3. 2009 - жыл, 22 - наурыз.
4.Марат биыл 10 ға толады.
5. Екіеу, алтыау, жетіеу
VІ Үйге тапсырма.
Сан есім түрлерін қатыстыра отырып, «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар. . (слайд №8)
VІІ Бағалaу.
«Көршімізді бағалайық» ойыны арқылы бағалайды.


Приложенные файлы

Добавить комментарий