Биік-аласа,?алы?-ж??а,ке?-тар. 0-ден 6-?а дейінгі сандар Мектепалды даярлы? сыныбы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:Биік-аласа,қалың-жұқа,кең-тар,0-ден 6-ға дейінгі сандар.Заттарды биіктігіне,ұзындығына қарай салыстыра жаттығу.
Мақсаты: заттардыдың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету,заттарды көзбен,бірінің үстіне бірін қою,бастыру арқылы салыстыру.
Қос тілділік: высокий- биік,низкий-аласа,
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: Таңбалар мен сандар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері.
Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп ,
Бәрімізде бір жүрек.
Психологиялық сәт.
ә)санамақтар қайталайды,б)тура,кері санайды,в)заттарды санау,г)пішіндерді қайталайды. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Ізденуші- ұйымдастырушы.
-балаларға құрттақандарды көрсетіп «олар бірдей ма»деп сұрайды.
Ал енді оларды жуан,жіңішке,биіктігі бойынша салыстырамыз.
Балаларға құрттақандарды ұзыннан бастап қойып шығу ұсыналады.
Балалар бұны қалай қоюға болады?
Алдымен оларды көзбен салыстырып аламыз.Сосын оларды қатарластырып қойып қайсысының аласа,қайсысының биік екенін тексереміз.
-Қане балалар оларға кофта мен шалбар таңдайық.Шалбарды кең,тар екендігіне қарап таңдаймыз.
Содан соң 5-баланы ортаға шақырып,қалай тез боймен қатарға тұруға болатынын түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Айналамыз оңға,
Айналамыз солға,
Алға қарай тұрамыз,
Секіріп біз аламыз.
Қос тілділік: высокий-биік,аласа-низкий..
Ойын: «тез орналастыр.»
пішіндерді тез ретімен орналыстыру.
2-тапсырма. Асықтарды көлеміне қарай орналастыр. Балалардың жауаптары.
Балалар оларды биіктігіне қарай салыстыру әдісімен түсіндіреді.
Қосу үшін.
Сергіту сәті.
Айналамыз оңға,
Айналамыз солға,
Алға қарай тұрамыз,
Секіріп біз аламыз.
Қос тілділік: высокий-биік,аласа-низкий..
тапсырманы орындау.
Реттеуші- жөндеуші Балалардың білімін қорыту мадақтау. балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді:биік-аласа,кең-тар білді.
Жасайды: көзбен өлшей алады .
Қолданады: берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий