МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ?НЕРІ САБА?ТАРЫНДА ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ


КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі:
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек(1).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген(2).
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат(3).
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады(4).
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту–үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу өнеріне мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мимикалық іс-әрекеттің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Зерттеудеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларының шешу теориясы - БТШТ (ТРИЗ) дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) зерттеудегі бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларын шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп және бейнелеу тапсырмаларының шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің кейбір ерекшеліктерін анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнері сабақтарында БТШТ(ТРИЗ) технологиясын қолдану жолдары.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу өнері және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу орны: Көкшетау қаласы № 4 «Еркемай» бала бақшасы.
I МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Бейнелеу тапсырмаларын шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ)
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы – бұл балалардың қиялын байқағыштығын барынша ерте дамыту тәрбие жұмыстың болатынын түсінген ғалымдардың символы. БТШТ – ның басқа әдістемелермен теориялардың басты айырмашылығы жекелеген тәжірибелер мен тәсілдердің әрекеттердің жинағы емес, көптеген міндеттерді шешуге ықпал ететін әдісті жасаудың әрекеті.
БТШТ – ның негізін 1945 жылы Генрих Саулович Альтшуллер қалаған болатын. БТШТ- тұнғыш рет балабақшаға 1987 жылы күзде келді. Бұл Находка қаласында болған еді. Оның өзі кездейсоқтың жемісі болатын. Инженер техник қызметкерлер үшін БТШТ бойынша жүргізілген семинардың жетекшілермен мектеп оқушылармен сабақ жүргізумен сұралған болатын. Бірақ оны ұйымдастыруда қателік жіберіп, БТШТ - лықтарды балабақшаның дайындық тобына әкеледі. Мектеп жасына дейінгі кездесу БТШТ- ні барынша жасатты, оның жаңаша жұмыс істеуіне негіз қалады.
БТШТ сабақтарының барлығы да музыкалық, тіл дамыту сабақтарымен қатар, кешенді түрде жүргізіледі. Сабақ жүргізу принціпі қарапайымнан күрделіге қарай ауысады. Сабақ жүргізу кезінде төмендегі ережелерді атқару керек.
- бала бейнелеу материалдарын – қарындашты, тушты, гуащты, көмірді, пластелинді желімді т.б. таңдау мүмкіндігі иеленуі керек.
- материал баланың қолы жететін жерде тұрғаны жөн;
- бейне түсетін материалды да баланың өзі таңдағаны жөн. Бұл ақ қағаз түрлі түсті түкті қағаз, картон, фанер, шыны, фольга болуы мүмкін. Олардың түрімен өлшемі әр алуан болғаны дұрыс;
- баланы сурет салудың алуан түрлі техникасына үйрету керек.
Іс-әрекеттің табысты болуы үшін жұмыстың төмендегідей жоспары ұсынылады:
Санадағы ұғымның түрін өзгертуге, басқа бейнеде елестетуге, оларды қиылыстыра пайдалануға үйрету және осының негізінде мүмкіндігінше жаңа образдармен жағдайлар қалыптастыруға баулу.
Оқиғаны оның даму реттілігі бойынша елестетуге, олардың жекелеген бөлшектерінің бір-біріне тәуелділігін орнықтыруға үйрету;
Бейнелеу жағдайына «кіруге» үйрету;
Бейнені жүзеге асыру үшін тиісті бейнелеу – айқындау құралдарын пайдалануға үйрету;
Кейіпкерлерге қиял-ғажайып сипаттағы ерекшеліктер беру;
Белгілі ертегі кейіпкерлеріне оларға мүлде тән емес қасиеттер беру;
Бейнелерді музыка көркем сөз бейнелеу құралдары арқылы қабылдауға үйрету;
Заттардың белгілі бір қасиеттерін қабылдауды, ерекшелей білуді дамыту, оларды белгілері бойынша жинақтап, және қаншалықты ерекшеліктерін анықтау.
Қоршаған өмірдегі заттармен құбылыстар туралы түсінікті кеңейту.
Суреттерді талдау және живописке деген ынта мен құштарлыққа тәрбиелеу.
Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, түсті, ырғақты, түрді сезінуін дамыту.
Суретті пайдалана отырып, диалогтік және монологты сөйлеуді жетілдіру.
кеңістік туралы түсінікті орнықтыру және кеңейту.
Суретті дербес құрастыруға үйрету.
Жекелеген суреттер бойынша немесе үлкен қағаздың бетіне сурет сала отырып бір ертегінің мазмұнын сипаттауды құрастыруға үйрету.
БТШТ-да бейнелеу техникасының төмендегідей түрлері пайдаланылады.
1. Паралонмен, матамен сурет салу. Бояу ернеуі аласа ыдыстарға құйылады. Паралонды бояуға матырып алып, суреттің бетіне жағады. Бұндай тәсілмен қағазға берілген бояу біркелкі әрі әдемі болады. Осындай тәсілмен ағаштың ,жапырақтың, таулардың суретін салуға болады, заттардың өзіндік сипаттарын беруге бұл тәсіл барынша қолайлы.
2. Түтікше болып оралған матаны пайдалану. Матаның қиығы мұқиятты түрде түтікше болып оралып, оның бір ұшы бояуға малынады да одан қағаз бетіне жұғылады.
3. «Саусақты живописі». Бұл техника өте қызықты, қазіргі кезде неміс суретшісі Гюнтер Юкке оны кенінен пайдаланды. Аталған техниканың ерекшелігі мынада: бояу саусақ немесе алақан арқылы жағылады. Бояу жалпақ табақшаға құйылады. Сондай жалпақ ыдыста таза су тұрады. Басты тәртіп – әрбір саусақ бояудың бір ғана түріне батырылады. Жуылған саусақ қолма қол сүртіліп отырады. Егер балалар алақанымен сурет салатын болса, бояуды тереңірек ыдысқа құю керек. Бұл техника ересек балаларға да сәбилерге де қызықты. Сәбилер тобында бұл тәсілмен көйлектерді безендіріп жануарлар ізін бейнелеуге болады. Ересектер тобында әдемі пейзаждар ағаш суеті тамаша көрінісі береді.
4. Монотипия. Техниканың бұл түрінде бояу салафанға немесе шыныға жағылып сонан соң үстіне қағаз қойылып салмақпен жабылады. Дақтың көлеміне бояудың бағытына қарай әр түрлі бейне алынады. Бұл – тәсіл. Тағы бір тәсіл қағаз екіге бөктеліп бояу парақтың тек қана бір жағына жағылады. Мұнан соң парақ екінші жағына бүктеліп айнала бейне пайда болады. Бір немесе бірнеше түрлі бояуды пайдалануға болады.
5. Сиқырлы сурет. Сурет балауыз арқылы салынады. Ол көрінбейді оны байқау үшін қағазға тушь немесе бояу жағу керек. Бұл техника барынша күрделі сондықтан оны ересектер тобында қолдану керек.
Балауыз бояуы Қытайдың ерте заманындағы өнерінен бастау алған мәнерлеу шеберлігі. Бұл шеберлік мяу, бу-и, гылау, дұң, шүй қатарлы ұлттардың балауыз бояуы өнерлерін тоғыстырады. Йүннан балауыз бояуында, оның үстіне сурет салу мен бояу беруді шебер ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдай алды бояуы» аталып кетті.
Балауыз бояуы балауызбен бояу қондырмау деп те айтылады. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, балауыз бояуы Қытайдың ерте заманынан бастау алады. Ең бері дегенде Чин Хан династиялары заманында Қытайдың батыс-оңтүстігіндегі аз санды ұлттар жиі қоныстанған жерлерде балауыздың бояу қондырмау ерекшеліктері жете меңгерілген. Олар ара балауызы мен ақ балауызды бояу қондырмау материалы ретінде пайдаланып, ақ матаның бетіне өрнек түсіріп, онан соң бояу беріп, балауызды тазартып отырған. Балауыз ыстықта дереу балқып, суықта дереу қата қалатын ерекшелікке ие болғандықтан, сурет салған кезде асқан шеберлік қажет етіледі. Балауыз тым ыстық болса, жол-жолақтары бұзылып, өрнектер өзгеріп кетеді, ал балауыз сәл салқын болса жайылмай қалады, өрнектері үзіліп ұласпайды. Сол себепті, балауызды балқыту температурасы қалыпты болуы керек. Өйткені балауыз берілгеннен кейінгі жиырылудың немесе ысқылаудың себебінен, сызаттар пайда болады, бояу берілгеннен кейін бояу сызаттарға сіңіп, ретсіз бедерлер қалыптасып, өз алдына бір әсемдік өнім береді. Бұл «мұз сызат» деп аталады.
Қытайдың Йүннан балауыз бояуында сурет салу мен бояу беруді ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдайалды бояуы» аталып кетті.
Балауыз бояуы Қытайдың Йүннан өлкесінде жасайтын мяу, бай ұлттарының арасында кең етек алған. Мяу ұлтының мата тоқу өнеріндегі шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан. Маталары әдемі, жұмсақ, тығыз тоқылып, сапалы, шыдамды келеді, тарихта «мяудың тозбас матасы» деген аты қалған. Йүннан балауыз бояуы жергілікті жердің жер-су табиғатының көрінісін шығармашылықтарына астар етеді. Тауыс, піл, шай гүлі, көкек сықылды аң-құс, гүл-шөптерді бедерлеп түсіріп, ерекше үлгі аңғартады.
Балауыз бояуымен бояу өнері
Балауыз бояуымен бояу өнері мынадай: Ақ матаны тақтайдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шағын қазанға салып, еріп қоймалжың болғанша ысытады. Онан соң балауызды пышақпен іліп алып, матаның бетіне өрнек түсіреді. Өрнек салып болған соң, оны бояу күбісіне салады, бояу сіңгеннен кейін алып, таза суға салып қайнатады, балауыз еріп кеткеннен кейін, ақ түсті өрнек қалады.
Балауыз бояуын түсіруге, әдетте, жергілікті қолдан тоқылған ақ түсті мата қолданылады, машинада тоқылған ақ мата, жібек дүрия, жібек жұтқан кездемелер де қолданылады. Бояу қондырмауға негізінен, сары балауыз яғни ара балауызы қолданылады, кейде ақ балауыз қосып қолданылады, Қытайдың Гуйжоу өлкесінен шығатын ніл бояуы қолданылады.
Балауыз кірістіріп әдісі және шеберлік барысы
1. Балауызды сурет салудың әзірлігі
Әуелі, қол тоқыған матаны сақармен жуып тазартып, онан соң піскен таро түйнегін езіп, матаның теріс жағына жағып, кепкен соң мүйіз қырғышпен тегістеп жарқыратады.
2. Балауыз жағу
Ақ матаны тақтайдың немесе столдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шыны кесеге немесе металл қалбырға салып, отқа қойып ерітіп, мыс пышақпен іліп алып, сурет салады.
Бояу әдісі: Балауыз сурет түсірілген мата ніл бояулы күбіге салынып, әдетте 5-6 күн шыланып тұрады. Бірінші рет шылап алғаннан кейін құрғатса көгілдір түске енеді. Тағы бірнеше рет қайталап шыласа, шымқай көк түске енеді. Егерде бір бөлек матаның бойынан солғын және шымқай түстер көріну керек болса, онда бірінші рет шылап алған соң, бұл матаның бетіне тағы балауыз өрнек беріп, тағы шылау керек. Боялып шыққаннан кейін, солғын және шымқай өрнектер анық көрінетін болады. Балауыз өрнек салынған матаны бояу күбісіне салған кезде, «Ұстасып тұрған балауыздың» ішінара жерлері бүктеліп бүлінеді, содан табиғи сызаттар түседі, бұл әдетте «мұз сызат» деп аталады. Кейде, қажетке қарай «мұз сызаттар» қолдан жасалады. Бұл «мұз сызаттар» балауыз өрнектерді анағүрлым байыта түсіп, табиғи да тамаша өзгешелік танытады.
Балауызды кетіру. Шайқап жуып, таза суға салып қайнатып, балауызын кетіріп, судан шығады, сонда матаның бетінен ақ, көгі айқын өрнектер анық көрінеді.
Бояулы балауыз өрнегін салудың екі түрлі әдісі бар: бірі, әуелі ақ матаның бетіне түсті сұлба сызып, оны «Балауызбен бекітіп» қояды. Бояғаннан кейін, онан түсті сурет айшықталады; енді бірі, балауыз кірістіріп бояп тазалап, кептіргеннен кейін, оның ақ жерлеріне түсті бояу береді. Халықтық балауыз нақышын салуда бүлдіргеннің нілімен қызыл түс, сары гардениямен сары түс береді.
Балауыз бояуының «мұз сызатты» бедерлері шыны кіреукесі сықылды «жапырақшаланып», көркемөнерлік ерен өнім береді. Сызаттың үлкен-кіші, бағдар-бағытын адам өзі меңгеріп, суреттелетін нысанды дәлме дәл бейнелейді, ерекшелігі мен мұндалап тұрды. Қабат-қабат көп түсті гүл жиектерін бояуға тура келгенде түске бөліп, балауызбен бекіту шарасын қолданса анағұрлым кемелді бейнелеуге болады. Қазіргі күнде балауыз кірістіріп бояу киім-кешек, кілем-кілше, дастарқан қатарлыларды мәнерлеуге көбірек қолданылады.
6 Ақ қағаздан ою ойып салу. Дат суретшісі әрі дизайнері Питер Каллесен жәй ақ қағаздан өнер туындысын жасап шығарады. Шебер paper art техникасына арқа сүйейді. Ол қағаздан не қатырма қағаздан әртүрлі пішіндер мен кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
“Заттандыру процесі кезінде үш өлшемді жалпақ қағаз сиқырлы күйге түседі деп ойлаймын. Бұл расында да сиқырлы күш болуы мүмкін, себебі, жұмыстың жасалу жолы түсінікті болғанымен, пішіндер негізі болмысынан қашып құтыла алмайды”, - дейді суретші.
Питер Каллесен көбіне А4 форматындағы ақ қағаздармен жұмыс жасайды. Ол әр пішінді жәй сол қалпында жасап шықпайды, әрқайсысы өзіндік ой арқалаған, үлкен ізденістен туған дүниелер. Қағаз қиял мен ой байланысының нәтижесінен өнер туындысына айналып шыға келеді. Жұқа қағаз суретшіге мүсінін әлсіз һәм қорғансыз күйде көрсетуге мәжбүрлейді.
Суретшіге неге тек ақ түсті ғана қолданасыз деген сұрақтың қойылуы заңды шығар. Бұны Питер Каллесен:“Әрине, мен түрлі-түсті суреттермен жұмыс жасай аламын, бірақ ақ түсті артығырақ көремін. Себебі, ақ түс – тазалықтың, пәктіктің, діни қасиеттіліктің белгісі”, - деп түсіндіреді. Питер қазірдің өзінде өзінің жеке көрмесін өткізіп үлгерді. Тек туған қаласы Копенгагенде емес, Лондон, Берлин, Гамбург, Сеул қалаларында жұмыстары көрсетілімге қойылды. Оның жұмыстары АҚШ мен Швецияның мұражайларында сақтаулы тұр.
7. Сулы қағазға сурет салу. Қағаз ең алдымен суға батырылады, сонан соң қылқалам немесе саусақ арқылы бейне түсіріледі. Сурет қағыз бетіне жайылып, жаңбыр астына немесе тұман кезіндей болғандай әсер қалдырады. Егер сурет детальдарын салу керек болса қағызын кепкенін күтесіз.
7. Шашырату. Әр түрлі өлшемдегі щеткалар пайдалынады. Сурет салынатын материалдың бетіне трафарет қойылады. Тарақтың немесе щетканың көмегімен бояу шашырылады. Бір немесе бірнеше түсті пайдалануға болады.
8. Щетканы қағаз бетіне болар болмас тигізу арқылы сурет салуға болады.
9. Коллаж. Суретті аплиациямен араластыра пайдалану Апликацияны қағаздан, матадан,жіптен жасалуы мүмкін.
10. Түтіктегі бояумен сурет салу. Сурет шығыңқы болып тұрады. Балаға бояуды бірден қағазға жағуды үйрету керек. Бұл үшін түтікті қажетті бағытқа бұрамыз.
11. Ауқымды аппликация. Қағаздың матаның бір бөлшегі ғана жеңілденеді. Қораптарды сығымдалған қағаздың, матаның фонераның,ағаштың бөлшегін желімдеуге болады.
12. «Кляксогафия» әдісі. Сия тамшысындағы «кляксогафия» қағаз парағына бояу тамызылады. Оның неге ұқсас екенін анықталып жеткіліксіз детальдары салынады. 2 түрі- тамшы түскен соң қағаздың бір жағын көтеру арқылы бояудың ағып сол арқылы бейне пайда болуына көз жеткізу.
13. Нүктелі сурет. Сурет қылқаламның саусақтың ұшымен түсіріледі. Нүктелердің көлемі әр түрлі болады. Оның техникасы күрделі болғандықтан ересек жас топтарындағы балалардың қолданғаны жөн
14. Ипалақтанған қағазға сурет салу. Парақ ең алдымен умаждалады, одан кейін оны жазып беіне сурет салады. Мұндай тәсілмен ағаштарды, жартыстарды салу тиімді.
15. Қағаздың бетіне көшіру. Қағаз қойылып таяқша арқылы сурет салынады. Көшіргі қағаз бір түсті немесе әр түсті болуы мүмкін
16. Сурет қою бояумен қағаз бетіне салынады. Бояу кепкейіннен кейін сурет бір екі секунд су құйылған тарелкіге малынады Сурет жаңбыр тұман астындағы бейне тәрізді.
17. Желіммен сурет салу. Қағаз парағына қағаз желімімен долбар сурет салынады. Ол қағыз бетінде шығыңқы болуы тиіс. Желім кепкен кезде қағаздың бетіне суық бояу құйылады. Ол долбарлы пішінді ққуалап бейне түсіреді.
18. Жіп арқылы салу. 1-ші тәсіл. Сапасы мен бояу әр түрлі жіптер арқылы түкті қағаздың бетіне сурет салынады. 2- тәсіл. Бояуды батырып алып екіге бүктелген қағаздың бетіне қалдырып, сығынмен қысады. Ептеп қағазбен жазып жіпті алмыз. Оның бетінде бір бірінен аумайтын суреттер пайда болады.
19. Гректік әдістемесі. Кез келген әдістемедегі тәрізді БТШТ да әр түрлі сурет салу техникасымен қатар белгілі бір әдістемелер болады.В.А Гректің әдістемесі. Владимир Александрович Грек балалармен екі бағытта жұмыс істейді. Сурет салу және құрастыру Біз тек сурет бойынша жүргілетін жұмыс әдістемесін қарастырамыз.Сурет салу бойынша жұмыстың екі түрі ерекшелеуге болады: Штрихпен сурет салу және геометриялық линейка бойынша сурет салуды сәбилер тобынан бастауға болады. Бұл балаларда сурет салу дағдысы да шығармашылықдық қиял да көріністі есте ұстау қабілеті жоқ. Бірақ қандай да бір образды жасау деген құштарлық өте үлкен. Бұл жағдайда геометриялық линейка көлеңке келеді. Сабақ ең қарапайым тапсырмалардан басталады. Балалар қағаз бетіне геометриялық фигуралар салады сонан кейін әр түрлі түспен бояйды.Балалар көп жұмыс істеген сайын құрылыс та күрделі болғаны жөн.
Балалар әр түрлі фигураларды меңгеріп геометриялық линейкамен қарындашты еркін игергеннен кейін оқытудың келесі кезеніне ауысады. Ең қарапайым бірнеше геометриялық фигуралардан тұратын жануарлардан бастап тұтас картиналарда салумен аяқталады.
В.А. Грек ересек тобындағы балаларға штрихпен сурет салуды ұсынады. Ол балаларды «Графо» елімен таныстыруды бастайды. Бұл қандай ел? Балалар штрих, сызық, дақ деген геометриялық фигуралармен танысады. Балалар тек тілмен ғана емес сонымен бірге осы елдің заңдарымен де танысады. Ең басты заң- сұлулық заңы. Сурет әдемі болу үшін ол белгілі бір заңдарға бағыну керектігін балалар біле бастайды. Бұл ырғақ, тепе –теңдік, симметрия түстердің қарсыластығы, жаңалық сюжетті композициялық орталық тәрізді ұғымдарды біріктіретін композиция заңы.
Штрих - бұл қысқа да ұзын түзу де қызық, бұлыңғыр да айқын, кейде толқын кейде шеңбер бойымен қозғалатын сызық екендігін балаларға түсірінділеді. Штрихтің көмегімен заттың сипаты, материалдардың ерекшеліктері туралы әңгімелеуге болады. Балалар штрихтың мүмкіндігін білгеннен кейін алғышқы барлау жаттығуларының сериясы жүргізуге кірісіп алғашқы қадам жасайды.
1 Салмақ бірте - бірте күшейеді.
2. Штрих қағазға сәл ғана тиеді.
3 Қысқа және ұзын штрихта.
4 Штрихтың көлбеулелігі өзгереді.
5 Толқынды штрих - ирек.
6 Бірнеше қатар штрих
7. Шеңбер бойымен жүргізілетін штрих.
20. Жүннен моншақ жасау. Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты,мазмұндалған болса оқушыларды ынталанупайда болады. Жаңа технология бойынша сабақ берген мұғалімдер,оқушылар үзіліс кезінде де сабақтан бас алмағандарын байқаған. Өйткені олар бейнелеу өнері туралы өзара жұмбақ, сөз-жұмбақтар сияқты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің басты мақсаты оқушылардың «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту,сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымы сақталады.
Алғашқы деңгейдегі толық және дұрыс орындалмайынша оқушылар келесі деңгейге көшпейді, толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылып, өз-өздеріне деген сенімдері артады. Орындалған тапсырмалар есепке алынып отырады.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,қажетті іскерліктері мендағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Алдарыңызға жүннен моншақ жасау әдіс-тәсілдерін ұсынып отырмын. Моншақ жасау үшін бізге жүн, боялған жүн, кір сабын, ыстық су қажет. Төменгі суретте көрсетілгендей жүнді реттеп қойған соң ыстық сумен бүркіп кір сабынды езіп жүнге жағамыз. Сосын біркелкі етіп ораймыз, дөңгелетіп жаямыз. Дайын кепкен таяқша жүнді қайшымен қажетті мөлшерде қиып, сосын моншақты жинаймыз.
Бейнелеу өнерінің жаңа түрлері


Жүннен жасалған бұйымдар
Монотипия (бір басылымды сурет салу)
Ниткография (жіп графикасы) яғни жіппен сурет салу.
Жүннен жасалған бұйымдар

Осы жаңа технологияны пайдалану арқылы жасалынған жұмыстардың әдіс-тәсілдері бірдей болсада, қағаз бетінде әсем, қайталанбас бояулы сурет ізі қалады.
 
1.2 Мектепке жасына дейінгі балаларды сурет салуға әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу әдісі
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Кеңестер беру;
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;
- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
- көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларын меңгерту;
Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:
- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен  таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларды меңгерту.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
Сурет салу әдістері:
«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;
- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;
Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зертте уүшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды бойынша мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты мынандай қорытындыға келдік:
Оқу жылының жыл басында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:
Жоғары- 40 %; Жақсы- 28 %; Орташа-12 %.
Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында жүргізілген  бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:
Жоғары- 55 %; Жақсы- 36 %; Орташа - 24 %
Қорытынды: Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан-алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіружатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке,адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
Нәтижесінде:
1. Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.
2. Шығармашылығы дамиды.
3. Авторлық бағытта бейнелей біледі.
4. Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.
5. Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады. Сурет іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады.
Осы ұстаным негізінде балабақша қоғамы мынадай бағдарды негізге алу қажет:
1. Балалардың интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау;
2. Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу;
3 Балабақша ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезеңде дарынды баламен жұмыс іс-әрекетінің жетісітігін байқауға болады.
Балабақшада баланың бойындағы ерекше қасиеттер күнделікті оқу-тәрбие үстінде бақылау әдісі арқылы, мониторинг қортындысы және психологтың диагностикалық әдісі арқылы анықталады.

Дайындық тобы Ересек тобы
Алдарыңызда өзімнің суретте ұйымдастырылған оқу іс-әректінен мониторинг диаграммасы
Жалпы мониторинг балалардың шығармашылық қиялын, қарындашпен жұмыс іскерлігі, қылқаламмен жұмыс іскерлігі, түстануын анықтау критерилері бойынша таңдалып алынған тапсырмалар арқылы жүргізіледі.
Мұнда тест-тапсырмалар балалармен жекелей немесе қажетіне қарай топпен ойын ретінде ұйымдастырылады
Мысалы биылғы жылы дайындық тобында 0-дік бақылауда балалардың шығармашылығы мен қарындашпен жұмыс іскерлігін тексеруге «Суретті жалғастыр» тесті алынған болатын. Балалардың жұмыстарын бағалаған кезде екі топ 30 баланың ішінен 12 бала жоғары деңгей іріктеліп шықты (Балалардың жұмыстары)
Осы балалар туралы тәрбиешілерімен, психологпен сөйлесіп, мониторингтарымызды салыстырған кезде осы балалардың ішінен әр түрлі дарындылықтың аспектілерінен көрініп, жоғары деңгей көрсетікен балалар анықталды. Олар Бахыт Айгерім, Шаймағамбетов Айтуар, Құмар Азамат, Джантасова Алтынай, Дүйсембинова Аружан, Қарасаев Тимур, Бахралинов Дастан, Смыков Мәди,
Әрине бұл балалардың қабілеті бірдей деп айтуға болмайды.
Шаймағамбетов Айтуар-машина- жайлау
Құмар Азамат- қоян,
Бахыт Айгерім- шашына қыстырғыш таққан қыз
Бахралинов Дастан-көпір
Басқаларынан шығармашылығы, икемділігі, жылдамдылығы, түсініктері мен зейінділктері, белсенділіктері жағынан жоғары. Олар спортта, тіл жағынан, биге икемділктері, шығармашылық жағынан да өздерін көрсете біледі.
Ал жалпы суретке бейімі бар бала басқа аспектілерге қарағанда бірден көзге түседі. Ондай балалар оқу-тәрбие үстінде сурет салу барысында қарындашты ұстауынан, шығармашылығынан, икемділігіне бірден көрінеді. Ондай балалар жоғары деңгей көрсеткен балалардың ішіндегі Еркін Айдын, Қуандық Аяна, Сейт Нурикамал.
Сонымен дарынды, қабілетті балалар анықталды. Ендігі кезең балалардың қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
Ата-анасының қолдауы

Қабілетті
дамыту

Педагогтың біліктілігі мен шеберлігі
Бала мен педагогтың арасындағы қарым-қатынас

Менің міндетім анықталған балалардың қабілеттерін,ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол үшін:
1. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
2. Мәселелерді шешу барысында өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
4. Шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту;
5. Ізденудің әдістерін үйрету;
6. Шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
7. Білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыруым қажет
Бұл мақсатқа жету үшін оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту, балалардың танымдық белсенділігін дамыту мен жеке дара жұмыс арқылы жүзеге асады.
Сурет ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде Қараев технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар, ТРИЗ технологиясы элементтерін, ойын-жаттығуларды, бейнелеудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдану жақсы нәтиже береді.
Мысалы «Ертегілік сарай» тақырыбындағы оқу іс-әрекетінде сурет салу дәстүрден тыс тырнау (граттаж) әдісі арқылы және деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады. Мұнда құрылысқа байланысты алдына ала жұмыс жүргізіліп сәулетші, құрылысшы, сылақшы мамандығы бойынша түсінік беріледі. Балалар сәулетші, құрылысшы, сылақшы болып үш мамандыққа бөлінеді де, әр мамандық иесі өз жұмысын атқарады. Яғни төменгі деңгей сылақшы - дайын салынған үйлерді бояйды, орта деңгей құрылысшы-нұсқаға қарап бейнелейді, жоғары деңгей сәулетші-шығармашылығына сүйене отырып қиялынан ғажайып сарай бейнелеп шығарады.
Дарынды балаларды тәрбиелеудің қатаң үлгісі жоқ, дегенмен баланы түсінгісі келетін педагог әр ерекшелігіне мән беріп, бақылап, іс әрекет нәтижелерін бағыттап, іскерлік пен дағдыларын мақсатты бірізділікте қалыптастырып дамыта білген жөн.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ.
Мұндай әдістер баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай үнемі алға жылжуға талап-тілектерін сұраныс мұқтаждарын ескеріп, шығармашылығын жетілдіріп отыруға септігін тигізеді. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында қабілетті балалармен жұмыстың бір түрі болса, екінші балалармен ұйымдастырылатын жеке дара жұмыс
Жеке дара жұмыс бойынша бейнелеуге бейімі бар балалардың қабілеттерін арттыру мақсатында балаларға арналған «Балғын бояу» атты бағдарлама құрастырылды.
Бағдарлама мақсаты:Балалардың табиғи қабілеттерінің, шығармашылық қиялдарының дамуына себептесетін көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Міндеттері: Бейнелеудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдана отырып өз ойын қағазға түсіруге үйрету. Бейнені беруде шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, мәнерлі –бейнелеу құралдарын сәйкес үйлесімді қолдануға баулу. Балалардың сабақта алған білімдерін бекіте отырып, түрлі жобаларды зерттеп, іске асыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.Қоршаған ғажайып әлем туралы білімдерін байыту. Бейнелеудің түрлі әдіс-тәсілдері мен техникасын меңгертіп, оларды жұмыс барысында жекелей және бір жиынтықта қолдануға үйрету.
Осы бағдарлама жоспары бойынша балабақшада мониторинг қортындысы, бақылау қортындысы бойынша таңдалған балалармен жеке дара жұмыс ұйымдастырылады.
Жеке дара жұмысты ұйымдастырудағы негізгі ұстанымдар:
- Қарапайымнан күрделіге қарай үйретудегі бірізділікті сақтау;
- Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану;
- Бейнелеу құралдарын өздері таңдауға мүмкіндік беріп, жағдай жасау (бейнелеу құралдары балалардың қолдары жететін жерде орналасуы);
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту ойындарын енгізіп, меңгерту
Негізгі әдістері
Көрнекілік
- Ертегілер мен мультфильм кейіпкерлерін енгізу;
- Балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрмелер;
- Қалалық көрмелерге саяхат;
- Көркем суреттер мен иллюстрацияларды байқау;
Сөздік
- Әңгіме;
- Ойындар;
- Сергіту сәттері;
- Үлкендердің әңгімесі;
Өз жұмысы бойынша әңгіме құрастыру
Тәжірибелік
- Бақылау;
- Зерттеу;
- Эксперимент жасау
Жеке дара жұмыс. Балалардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту мақсатында ойындар мен жаттығулар, бейнелеу іскерліктерін дамытып жетілдіру мақсатында дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер, түрлі бейнелеу құралдарын қолдану арқылы ұйымдастырылып жүргізіледі.
Атап айтсам ойындар: «Әуенді бейне», «Ойлан, тап», «Фантастикалық жануарлар», «Таяқшаның көмегімен сурет сал», «Нүктелер достығы», «Суретті аяқта», «Неге ұқсайды?»
- тірілген туынды - туынды оқиғасын кеңістікте көрсету;
- мазмұн мен көңіл-күйді көшіру - музыканы жазықтықта бейнелеу;
- ұйықтап тану - жұмулы көзбен көріністі, белгілі бір бұйымды ұстап тану және оны мүсіндеу;
- ауада сурет салу - белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;
- ауызша сурет салу - музыканы, өлеңді ауызша суреттеу т.б
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер:
Бастыру әдісі-ағаш мөрлер, умаждалған қағаз, шыныдан бастыру, қағазды бүктеп симметриялы бастыру, шолмек қақпақтары, Майшам-акварель, Шашырату, Нұқу( поролонмен, мақталы таяқшалармен, саусақпен бейнелеу) «Ғажайып алақан», астұзы,желім, тіс пастасымен бейнелеу. «Сиқырлы жіп», «Тірі дақ», ермексазбен бейнелеу, Сабынды көпіршік, Тұзды қамыр, мақта, табиғи материалдар, тастанды материалдарды қолдану арқылы бейне шығару.
Осындай әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды.
1.3 Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.
Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы.Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек.
Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішерде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды.
Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.
Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді.
Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді.
Бірте -бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары – бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.
Баланың екі жасында қағазға түскен сызықтарға қызығушылығы пайда болуының нәтежесінде бірнеше парақ қағазды қозғалмай отырып сызуы мүмкін. Сурет салудың осы кезеңі, әдетте, шимай жазу деп аталады. Бейнелеу іс әрекетінде осы сияқты сурет салу болып өтеді: ол қарындашпен қолдың үйлесімді, ырғақты қимылдарын дамыту мен қимылдарды көзбен бақылауды дамыту үшін пайдалы.
Түрлі түсті қарындашпен сурет салу баланың зейінін ашық түске тартады. Бояу баланы қуантады және ол қарындашты қаттырақ басып, сызықтарын жиілетіп,түсін қоюлатып салуға тырысады.
Бұл жаста әдейілеп бейнелеу әлі жоқ. Бала бір нәрсені толық етіп бейнелеп сала алмайды. Бірақ осы кезде бала материалдардың қасиеттерін тани бастайды: қағаздарды, қарындаштарды олардың түсін, өзінің қолындағы қарындаштың қимылынан қағазға түскен іздерді таниды да, оларға қызыға қарай бастайды.
Осы кезең қол қимылы мен көрудің дамуына әсерін тигізеді. Бала өзі үшін құралдармен танысады, үлкендердің бағыт беруінің нәтежесінде осы құралдарды қалай пайдаланудың қарапайым түрін меңгере бастайды, көрнекті із алу үшін оны қолына дұрыс ұстап, қағаз бетіне жүргізеді. Бұл кезеңде баланың өз бетінше кетпеуін қатты қадағалап, қарындашты қалай ұстауды көрсету, бұл үшін оны сәбидің қолына ұстату (өйткені ол өзі қарындашты дұрыс ұстай алмайды); қолмен қағазды қалай ұстауды көрсету маңызды. Сәбидің сызықтармен штрихтарға зейінін аудара отырып не салғанын, оны неге ұқсайтынын сұрау керек. Баланы ойлануға тарта отырып оның не істеп отырғанын, қандай құбылыстар мен заттарға ұқсастығын іздеуге, ойлануға итермелеу керек.
Бұл уақытта жалпы топтық үйрету сабақтары «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» ұсынылмағынымен, балаларға олардың қалаулары бойынша столға отырып, сурет салуына мүмкіндік беруге болады. Бұл бейнелеу іс әрекетіне қызығушылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Яслиде балаларға 1,5 жаста қағаз бен қарындаш беріледі. Егер балабақшаға бармаса, үйде сурет салмаса, 2- 2,5 жасқа дейін іс әрекеті дамуы едәуір кешігеді.
Сондықтан балаларды қарындаш ұстаған қолдың бейне жасау кезендегі қимылын түсінуге алып келу бірінші кішкентай топқа келгеннен қолға алынады.
Бірінші кішкентайлар тобында сурет салу. Сабақтарда балалардың бейнелеу іс әрекетіне қызығушылығын, оған эмоциялық қатынасын, тәрбиешіні тыңдау және есте білу, оның суреттен көрсеткендерін көру және байқау шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір мақсатпен әрекет жасау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу қажет.
Балалардың сурет салу іс-әрекетін меңгеру үшін қолдың қимылын, оның үйлесімін, ырғағын және әлденеше рет бірыңғай қимылдарды қайталай білуге жаттықтыру керек. Сурет салу, мүсіндеу процесінде балалардың түйсігін, олардың қабылдауын, тәрбиешінің бірте-бірте сөзбен сіңіре беретін білімін, балалардың (жұмсақ, серпінділік, көлемі, түсі,) таным қасиеттерін дамытқан жөн.
Балаларда суреттің затпен ұқсастығын іздеп табуға және оның атын атауға іскерлігін дамыту керек, өз суретін «оқып», түсіну қабілетін, сонан соң суреттің әр түрлілігін байқауға балалар салған суреттердің арасынан өз суретін тауып, не салғанын айтып беруге баулыған жөн.
Бейнелеуге бейімдеу. Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиеші балаларды бейнелеуге, суреттің бейнелеу сипатын түсінуге бейімделеді. 3 жасқа қараған балалар бір заттың нақты пішінін бере алмайды, сондықтан тәрбиеші оларды кескіні айқын емес формаларды бейнелеуге үйретеді ( олар белгілі дәрежеде дөңгелек немесе бұрышты затқа ұқсауы мүмкін). Сурет сабағында ол балаларға дайын бейненің кейбір жетіспейтін әсерлерін толықтыра түсуді ұсынады. («Әуе шарының жібін», « жалаудың сабын»)
Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне бояуды жағуды ұсына отырып бір қалыпты бірнеше рет қайталауға бағдарлауға үйретеді. Бағдарлама ою салуды үйретуді міндет етіп қоймайды, дегенмен жағылған бояудың әшекейлі, қарапайым бір композицияда болуы балаларда өзінің ырғағымен және бояуының ашықтығымен қуантады.
Сурет сабақтарында балаларды түстерді айыра білуге оқытады (қызыл, сары, көк, жасыл) оларды сурет салу кезінде қалай пайдалануды арнайы үйретеді. Балалар сол бейненің түсіне қарап кез келген бір ат қояды («шөп», «гүл»).
Тәрбиеші балалардың зейінін әртүрлі түстердің дақтарына, сызықтар сипатына аударады. Айналадағы болмыстан ол мынадай құбылыстарды сызықтардың ырғағын, шимайларды қарама қарсы түстерді балалар айта алатындай етіп тыңдап алады. Балалар жапырақтардың қалай түсіп жатқынын, жаңбыр немесе қар жауғанын, көктемдегі жаңбырдың тырлысын, жылғылар ағысын суретке салады.
Мектепке дейінгі кішкентайлардың суреттерінде әрекет пен байланыс мазмұнына ұмтылушылық байқалады. Сюжетті сурет салу процесі өзгеше. Бала бір нәрсені бейнелейді де, көбіне сөзбен немесе қимылмен жеткізеді. Ол суретті сол жағдайдың ішінде жүргендей етіп салады. Образ жасау бала үшін әр түрлі сезімге байланысты құрылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу үшін салынатын бейне мен көрініске деген сезім қатынасын арттыра түсу қажет, өйткені сурет салу процесі кезінде оның алдында қарапайым сызықтар мен формаларға, бояу жағындыларына «жан бітеді».
Техникалық дағдылар. Тәрбиеші балаларды бірінші сабақтарда–ақ дұрыс отыруға үйрету керек (столда өте көп еңкеймей, түзу отыру, суретті оң қолмен салу, сол қолмен қағазды басып тұру). Қарындаштармен және бояулармен сурет салу үшін, бір қатар техникалық дағдыларды меңгеруге тура келеді: қарындашты дұрыс ұстау, үш саусақпен ұстау, қаламның ұшталған жағына қолды онша жақындатпай, сұқ қолмен үстінен басып тұрып, барлық саусақтармен дұрыс қимыл жасау керек. Қарындашты саусақтармен қатты қысып ұстау қолды тез шаршатады және өте әлсіз саусақтар қарындашқа ие бола алмайды да, сондықтан түсе береді.
Балаларды бояумен сурет салу кезінде қылқаламның түгін бояуға батырып алған соң, жеңіл қимылмен ыдыстың аузына сілкіп, артық тамшыларды түсіру керек.
Балалар суретті тек қағаз бетіне салуы керек, қолына, столға, киімдеріне жағып алмай, қарындашпен тарсылдатпай, барлық құралдарды ептілікпен пайдаланған жөн: сабақтан соң әрқайсысын өз орындарына жинап қоюы керек.
Екінші кішкентайлар тобында сурет салу. Көптеген балалар балабақшаға бірінші кішкентай тобынан емес, 3 жасқа толғанда ғана бара бастайды, Мұндай жағдайда олардың көпшілігі үшін бейнелеу іс әрекеті жаңадан басталады. Сондықтан 1 кішкентайлар тобының бағдарламасында берілген міндеттер балаларға таныс емес. 2-ші кішкентайлар балалармен сурет салу жұмысына кіріспес бұрын, тәрбиешілердің қандай тәжірбиелерінің бар екендігін білу керек. Егер балалардың көбісі балабақшада 1-кішкентайлар тобында тәрбиеленсе, онда сурет салу 2-ші кішкентайлар бағдарламасы бойынша жүргізуі тиіс.
3 жасар баланың өмірлік тәжірибесі бай, олардың психикалық деңгейі жоғары, демек мұның өзі алдыңғы топтағы бүкіл оқу бағдарламасын өтуге мүмкіндік береді. Алғашқы сабақта ған балаларды сурет салуға қызықтыруға тәрбиелеу керек. Жылдың басында балаларда іс әрекет нәтежесінде қызушылық байқалмайды және салған суреттерінің сапасына мән бермейді. Сабақ кезінде орындалған суреттердің қорытындысын талдау, балалардың жалпы сурет салуға деген бейімін арттырып, тыңғылықты орындауға қалыптастырады. Жалпы топтық сабақтарда балаларда өздеріне бекірілген тәрбиешілерді ауызша және жазбаша көрсетулерді дұрыс тыңдап үйренуге, оны орындауға шеберлік нығайады.
Бұл кезеңде балаларға тән нәрсе бейнелеп іс әрекетінің ойынға ұласып кетуі, себебі балалның ширақтылығына байланысты. Баланың ойынға деген ұмтылысын оның сурет салуға ынтасын арттыру мақсатында пайдалану керек. Баланың жай тлқынды шимайларын тәрбиеші кілемшілеріне біріктіруіне болады: Кейін балалар тәрбиешімен бірге олармен қуыршақтар тұратын мүйісті безендіреді. Бірте бірте дұрыс сипат қалыптаса бастайды.
Сурет сабағында ырғақ, форма, түрлі түстерді сезіну бірте бірте сезіне бастайды. Өйткені заттарды бақылау, оларды қабылдау, талдау, одан кейін бейнелеу процесінде тәрбиеші балалардың назарын осы эстетикалық сапаларға аударады. Балаларға көбірек ұнайтын, олардың көңілдерін електіретін түсті де таңдай білуі қалыптаса бастайды. Тәрбиеші балалардың бейнелеу қабілетін дамыта отырып, оларға өз беттерімен мазмұны бар сурет ойлап табуды ұсынады.
Бала сурет салғанда, мүсін жасағанда белгілі бір заттарды, құбылыстарды суретпен салу қол қимылын дамытуды, олардың үйлесімін қадағалауын үйретеді. Бейне жасау үшін байқағыштық,заттар мен құбылыстарға көңіл тоқтату, иллюстрациялауларды көре біру қабілетін дамыту қажет. Өйткені, олар суретке қондыруға керек. Мысалы, шыршаның жасыл түстілігі немесе терезелердегі жауын тамшыларының, тамшылап тұрған ырғағы т.б.
Тәрбиешінің балаларды қоршаған заттарды түйсіну, түсінуді ұйымдастырумен оларда көзбен елестете алуы пайда болады.
Бейнелеуді меңгеру, балалардың дербестіліктің, белсенділіктің тәрбиеші балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, кімге қандай іс әрекет түрінде, кімге қалай сөз түрінде ескертулер жеткілікті екені білегні жөн. Үйрену барысында алғандағы іскерлікті пайдалана отырып, балаларға дербес шешімдер табуға мүмкін береді.
Заттарды бейнелеу Егер кішкентай тобының мақсаты балаларды сурет салғанда белгілі бір нәрсені бейнелеуді, түсінуге жетелеу болса, ал 2-кішкентайлар тобында затты бейнелеудегі тәсілдерді үйретуден бастайды. Балалар заттардың формасы, бояуы көлемі әр түрлі екендігін мағлұмат алады.
Балаларға әртүрлі формадағы заттарды, дөңгелек, тікбұрыш, ұшбұрышты сол сияқты тік сызықтармен және олардың қиялысудың бейнелеуді үйретеді. Балалар бір бөліктегі заттардың көлемі мен формасы жағынан бірнеше бөлімдерден құрылған заттарды бейнелеуді меңгереді. Заттардың формасын беру үшін балаларға міндетті түрде форма тудыратын қолдың қозғалысын жасауды үйрету керек.
Программаның ізінен балаларға алғаш заттардың жай түрін одан кейін күрделі түрін бейнелеуді үйретеді. Бұл балаларға өздерін қоршаған әлем құбылыстары және неше алуан заттарын жасауға, мүсін жасауға мүмкіндік береді.
Бала 2 кішкентай тобында форма тудурышы қозғалыстарды жақсы игерген сайын кез келген заттың бейнесін әрі жеңіл, әрі еркін жасайтын болады.
Ең бастысы – балаларға заттың формасы мен қозғалыстардың аралығындағы байланыстарды түсіруді үйрету. Оның көмегімен қағаз бетіне түсіре алатындай етіп болуы керек. Тәрбиеші сурет салардан бұрын балаларды заттың формасымен таныстырады.
Балаларға әртүрлі заттардың суретін салу үйретіледі. Тәрбиешінің ұсынылған тақырыбы сан алуан болса, оқу тапсырмасы әрі қызық әсерлі болады. Балалар ашық түсті бодпты, ауа шарлары, елка моншақтарын ынтамен салатын болады. Осы бейнелерді меңгере келе, олар енді көлемі жағынан әртүрлі заттарды Бере алады: мысалы, суреттерінде үлкен немесе кішкентай шарлар, жидектер, гүлдер пайда бола бастайды.
Бейнелеуге қаттысы жағынан алғанда тікбұрыш форма неғұрлым күрделі, сондықтан, оны меңгеруді жылдың 2 ші жартысынан бастаған жөн. Ашық түсті жалаушыларды, түрлі түсті текшелерді бейнелеу балалар суреттерінің, апликацияның мазмұнын байытады.
Жекелеген дөңгелек тікбұрышты бөліктерден балалар тіркелмелі арбаны құрастырады.
Сәбилерді заттардың құрылысын, бөліктердің орналасуын қарапайым түрде Бере білуге үйретеді. Олар тік шырша, биік ағаш, жатпайтын қуыршақтың, арбаның суретін салады. Программада балаларға түрлі түсті дұрыс айтып және ажырата білуді үйрету. Мақсаты ойтылған: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ сияқты кейбір реңдер. Алайда сабақта аталған түстермен шектеліп қоюға болмайды. Керек жағдайда балаларға қоңыр, сұр түстер де ұсынылады. Бұл топта тәрбиеленушілерден заттың тура түсін беру талап етілмейді. Олар түрлі түсті өз талғамдарына қарай пайдалануларына болады. Бірақ кейбір заттар мен құбылыстарды бейнелегенде балаларды түрлі түсті нағыз түрі түсінуге жетелеу керек. «Жасыл шөптер өсіп тұр», «Ақ қар жауып тұр», «Сары балапандар жап жасыл шөптің бетінде жайылып жүр».
Естиярлар тобында сурет салу. 4 жаста балалар кішкентайлар тобынан естиярлар тобына келеді, бейнелеу іс-әрекетінің көптеген түрлерімен таныс, сондықтан олардың суретке деген қызығуы дамыған.
Олар тәрбиешінің көрсеткенін мұқият тыңдап, басқалармен жұмысты бірге бастап, аяқтап, өздерін салмақты ұстап, орындықта дұрыс отырып, кепшілік сабағына қатыса алады. Оларда жолдастарының жұмысына деген қызығушылық және оны бағалап қарау ынтасы пайда болады.
Бейнелеу іс-әрекеті сабақтарында естиярлар тобындағыларды үйрету мен тәрбиелеудің жаңа шешімдері жүзеге асырылады. Тәрбиеші сурет салу процесінде балалармен атқарылатын іс-әрекетті дамыту керек, оларға еркін сипат беруі керек. Ол балаларды тек сурет салу процесіне ғана емес, оның қорытындысына қызығушылыққа тәрбиелеуді жалғастыруы керек.
4 жастағы балаларға өз жұмысына баға бере алатынын және қолы жеткен табыстарына қуана алатынын дамыту қажет.
Тәрбиеші балалардың барлығын жақсы, әдемі істеу түсінігін қалыптастыруға тырысуы керек. Сондықтан, оларды дағды мен шеберлік процесін меңгеруге ынталандыру өте маңызды.
Балалардың бұрыннан алған тәжірибелерін тәрбиеші неғұрлым күрделі дағдыларды игеру қажеттілігіне қарай, қол козғалысын дамытуға әрекет ететіндей етіп пайдалану керек. Мысалы, суреттің бөлшектерін ретімен бояу үшін, бала нұсқаның төңірегінде қол қимылын жүргізе алатын болуы керек. Ёгер ол бояумен өрнек салатын болса, онда жағындылар мен штрихтарды дәл жүргізе алатын болуы керек. Бұл шеберлікті меңгеру баладан кол мен көздің үйлескен әрекетіне көңіл бөлуді талап етеді.
Тәрбиеші балалар түсінігінің одан әрі дамуына камқорлық жасап, заттарды бейнелеуде аса жоғары талап қоюы қажет, сондай-ақ олардың шамасы мен орналасуына қарай ара қатысын белгілеу, бөлшектер мен детальдарынын, мүшелеп санын айтуды ұсынады, балалардыд көңіл-күйін заттардын, эстетикалық сапасына, олардың түсі, құрылысы мен формасының әдемілігіне аударады.
Балалар заттардын бейнесін жасай білу үшін, тәрбиеші сол заттар туралы оларда толық түсінікті қалыптастыруға, сондай-ақ өздерінің ойлап тапқандарын суретте бере білу кабілетін дамытуға тиіс.
Тәрбиеші балалардың эстетикалық сезімдерін дамытуы тиіс. Бұған, сондай-ақ сыйлық үшін әдемі өрнек жасау, жолақтар мен шаршыларды сәндеу міндеті қойылғанда декорациялык суретті енгізу жәрдемдеседі. Балаларға өздеріне ұнайтын, бір-бірімен сұлу үйлесетін түстерді таңдауларына мүмкіндік беріледі.
Тәрбиеші 4 жастағы балаларда әрбір заттын,формасы болатыны, заттар осы белгілері бойынша ерекшеленетіні және оларды формасының ұқсастығына қарай біріктіруге болатыны туралы түсінікті дамытуға, заттан бөліктерді, ең алдымен ең ірі бөліктерді бөліп алып, олардың формасын анықтай білуді қалыптастыруға тиіс. Балаларды шеңбер, сопақша, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету керек. Геометриялық фигураларды білу балаларға заттың формасын ажырата білуіне көмектеседі және қарапайым геометриялық фигуралармен ұқсастығын пайымдайды. Мұндай салыстырулар балаларды заттардың формасын жалпылауға үйретеді, мұның өзі оны суретте беруін жеңілдетеді.
Шеңбер мен сопақшаны ажырату осы жаста бұл оңай заттардың формасы мен олардың бөліктерін, әсіресе есімдіктер мен тіршілік иелерін бейнелеген кезде, өте дәл беруге мүмкіндік береді.
Шаршы мен ұзартылған тік төртбұрышты айыра білу әр түрлі тікбұрышты заттардың үй, арба, вагон, орындық, қақпа және т. б. арасындағы айырмашылығын беруге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеші балалардың заттардың құрылысын, формасы мен көлеміне қатысты негізгі бөлшектердің орналасуын беру іскерлігін ұштайды. Мысалы, балалар машинаның кабинасы шанақтан биік екенін, балапанның басы денесінен кіші болатынын біледі.
Балалар адамның фигурасын бейнелей отырып, бет бөліктерін, киім бөлшектерін береді. Тәрбиеші заттарды бейнелегенде бөлшектері бойынша: алдымен ең үлкендерін, одан кейін, ұсақ және кейбір оларға тән детальдарды жасауға үйретеді. Педагог кұрылысын беруге үйрете отырып, фигураның симметриясына көңіл аударады.
Тәрбиеші 4 жастағы балаларды заттың негізгі түсін беруге үйретеді. Балалар затты қараған кезде, олар оның түсін байқап және оның көлемін мөлшерлеп, содан соң оны суретте немесе аппликацияда бейнелейді, мұнда олар қарындаш пен қағаздың керек түстерін өздері табады. Заттың түсі жалпылама, реңксіз беріледі.
Балалар кейбір заттардың белгілі бір түстерінің шөп, жапырақ, жидек және т.б.болатыны туралы біртіндеп мағлұмат алады. Тұрақты түстері болмайтын заттарды кез-келген түспен бейнелеуге болады.
Тәрбиеші балаларды алты түсті -қызыл, сары, жасыл, алкызыл, көк, күлгін және үш түрлі бейтарап -қара, сұр, ақ түстерді ажыратып, тануға, айтуға үйретеді. Ол олардың өз беттерінше сурет салу үшін және затқа тән бояулардың кез келгенін ала алмай, таңдап-талғап алуға негіздейді. .
Декоративті сурет салу сабағында тәрбиешібалаларға жағынды, нүкте, тік жолақтар, шығыршық, шеңберлер салуды үйретеді. Шаршы,шеңбер, жолақ бетіне белгілі бір ырғақпен элементтерін орналастыра отырып, өрнектерді жасау шеберліктерін дамытады. Декоративті сурет үшін тәрбиеші қағаздан қиылып жасалған көйлектің, алжапқыш, қолғап, бас киім т. б. береді.
Қағаз формасына байланысты балалар өрнектің элементтерін белгілі бір жүйеге түсіріп ортасына, бұрыштары бойынша, кағаздың толық бетіне орналастыруды үйренеді. Мұндай жағдайда тәрбиеші балаларды үлгі бойынша және ойдан шығарып жасауға үйретеді.
Ересектер тобындағы сурет салу. Бес жастағы балалардың сурет салуы белгілі ниетте және саналы сипатта бола бастайды. Педагог балалардың түпкі ойының қалыптасуына мүмкіндік жасайды, оларды алдын ала суреттің мазмұнын ойластыруға, негізгі ойды ерекше бөлуге, оны түсінікті етіп көрсетудін жолын табуға үйретеді. Ол балаларды өздерінің салған суреттерімен қатар, қүрдастарының жұмыста-рына да дұрыс баға беруге үйретеді, оларды жан-жақты талдауға әр түрлі жұмыстарды әрбір суреттердің өзіне тән ерекше сипаттарына негіздей отырып салыстыруға баулиды, суреттің мәнерлілік жағы: формасыньщ колоритінің, түрлі түстердің үйлесуінің, композициясының ерекшеліктерін бөле көрсетуге бағыттайды.
Педагог бағалаудың деңгейін көтере отырып, суреттердің сапасының одан да жоғары дәрежесіне жетуге қызығушылық, іскерлікті игеруге қажеттілік туғызады. Балалар қиындықты жеңуге, жіберген қателерін байқауға және түзетуге қабілетті бола бастайды. Сурет салу процесінде өзін-өзі бақылауы арта түседі. Тәрбиеші сабақ уақытындағы тапсырма балалардың күші мен мүмкіндігіне сай, бүкіл бөлінген уақытта олардың қолының бос болмауын қамтамасыз етуі керектігін есте сақтауы керек. Кейбір балаларда баскаларды үйрету, оның да жақсы, дұрыс жасай алатындай ету ниеті пайда болады. ¦жымдық жұмыстарды орындау процесінде педагог балаларды жүмысты ұйымдастыру және жоспарлау кезінде үлкен дұрыстыққа, әрқайсысына неме-се кішігірім балалар тобына тапсырылған жалпы композициялау бөлігін жақсы орындауга жауапкершілікке тәрбиелейді.
Дербестіктің көрінуі барған сайын өзінің жекелей тәжірибесін, бұдан бұрын көрсетілгеннен гері ерекше әрекеттің белсендірек түрін көрсетумен байқала бастайды. Творчество элемент барған сайын айқын көріне түседі.
Алдындағы жылдардағы алған эстетикалық даму жаңа кең сипат алғандықтан, тәрбиеші 5 жастағы балаларда декорациялық өнер шығармаларын қабылдау және саналы бағалауын дамытуы қажет. Өрнектерді салуда ол балаларды бейненің мәнерлілігіне, түр үйлесімділігінің әсемдігіне және форманың гармониялығына, бейнелердің орналасуының ырғақтылығына талпынуға үйретеді. Байланысқан мазмұн, сюжет суретте толық та айқын бейнесін табады. Балалар формасы жағынан аса курделі заттарды бейнелей бастайды, формаларды жалпылама бейнелеуден, негізгі сипаттағы формалары олардың ерекшеліктерімен қоса бейнелеуге өте бастайды. Педагог балаларға бейнелеудің сапасының сол затты білуден тәуелділігін түсінуді дамытады, суретін салатын затты өз қалауынша қарауға, орындалу жүйелілігі ережесін игеруге үйретеді. Бұл жеке өзінің әсері мen қарым-қатынасын әкеле отырып, өз алдына бейне жасауға мүмкіндік береді, әрі айналасын қоршағандардың әсерін суретте бейнелеуге кең мүмкіндік ашады.
Педагог сабақ үстінде балалардың кажетті істерді өздерінің атқаруына, кезекшілікті жүйелі орындау талабын күшейтеді. Кезекшілердің міндеттерінің ауқымы ұлғая түседі, олар орындаған міндеттерінің орындалуын бағалау қатаң болады. Олар қандай іс-әрекетке қандай құралдардың керектігін, күні бұрын не туралы қамдану керектігін біледі. Балаларда еңбек пен ұйымдастыру қабілеті дамиды.
Ересектер тобында тәрбиеші балаларды заттың өзіне тән формасын анықтай білуге, алегер зат бірнеше бөліктен тұратын болса, оныңең үлкен құрамдас бөліктерін белгілі геометриялық фигуралармен салыстыру жолымен және олардың арасындағы ұқсастықжәне айырмашылықты табу арқылы үйрету керек.
Ол балаларды заттардағы бір-бірінен биіктігі және енімен өзгешелене отырып, тек шамасы жағынан ғана емес, пропорциясы жағынан да әр түрлі болатынын білуге үйретеді: ағаштар биік және аласа, жуан және жіңішке, үйлер биік және аласа, олардың терезесі тар немесе кең болады.
Балалар әр түрлі пропорциялы заттарды салуды үйренеді. Олар заттардың тігінен тұратындығын, жататындығын, геометриялық фигуралардың әр түрлі орналасатындығын, тұруы, жатуы, көлбеу тұруы, төңкеріліп жататындығын біледі. Мұны аса күрделі емес құрылыстар жасайтын кірпіштен, қағаздан ойылған тікбұрыштар мен ұшбұрыштардан оңай көрсетуге болады.
Сурет сабақтарында тәрбиеші балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттардың құрылысы туралы түсінігін анықтайды, бөліктерінің орналасуын жоғарыда, төменде, бүйірінде, ортасында жатқан жағдайын, бұрынғыдан гөрі дәлірек зат бөліктерінің салыстырмалы шамаларын анықтауға, заттарды құрылысы жағынан салыстыруға үйретеді. Мәселен, балалар әр түрлі машиналардың құрылысындағы, гүлдердегі, құстардағы т. б. ұқсастықты табады, олардың өзіне тән ерекшеліктерін береді.
Педагог балаларға зат бөліктерінің орналасуы, құстың, жануардың кеудесі қозғалыс кезінде, өзгеретіндігін түсіндіреді. Ол оларды қозғалыстың кейбір қарапайым формаларын суретте бере білуге үйретеді. Мәселен, бала құстың басының иілуін, аюдын кеудесінің бұрылуын т. б. бейнелеуі мүмкін.
Тәрбиеші балаларға спектр түстері туралы білімді рет-ретімен кемпірқосақтағыдай беруі, ақ түсті қосу жолымен ашық өң алуды үйретуі тиіс. Қара мен ақтан басқа, бейтарап түрден сұр: қою мен ашық түсті балалар білетін болады. Олар саналы түрде әсем түр үйлесімін іздеп және жасау мүмкіндігін алады.
Тәрбиеші балалардың естиярлар тобында танысқан ою-өрнектер элементтерін күрделендіруі тиіс. Балалар жана доға, толқынды сызықтар салудың әдістерін игереді. Олардың элементтері ретінде өсімдіктердің бөліктері -жапырақтарды, гүлдің тажы мен гүлжапырақтарын, жидектерді пайдалануды үйренеді.
Педагог балаларды ою-өрнектегі элементтердін, квадратта, шеңберде, көпбұрышта симметриялы орналасу ережелерін таныстырады.
Қағаздан ойылған әр түрлі заттарды, киімдерді мәселен көйлектің кескінін, шағын костюмін, шыны-аяқ, құмыра, ваза т. б. ұсынады.Педагог ересектер тобы балаларын түс үйлесімі мен элементтер қиылысымының әр түрін жасай отырып, өз бетінше ою-өрнек композициясын табуға үйретеді.
Ересектер тобында алғаш рет акварель бояуымен сурет салу енгізіледі. Гуашьпен жұмыс істеу әдістері тиянақталады. Және де балаларды түрлі түсті балауыз борлармен, график карындашпеи сурет салу әдістерімен таныстыру тиіс.
Педагог балаларды түзу сызықтарды әр түрлі бағытта, түрлі қалыңдықта жүргізуге, доға, шеңбер, овал формалы фигуралар, толқынды сызықтар салуға жағындылар алу үшін қылқаламды жалпағынан салуга үйретеді. Қарындашты, қылқаламды тым күш салмай, жеңіл қозғауды, қаламды қағазға тым баспауды және басуды реттеу арқылы әр түрлі рең алуды, қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтар, жалпақ жолақтарды түк жағымен салуға дағдыландырады.
Мектепалды тобындағы сурет салу. Жетіге аяқ басқан балалар 5 жастагы балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрыннан алып келе жатқан қабілеттерінің сапасы дами түседі.
Бәрінен бұрын балалардың өз беттерінше заттарды қарай білулерін қадағалап, қабілетін дамыту аса қажет. Бұл процестің ең бастысы — балалардың қалыптасқан тәжірибесіне сүйену. Тәрбиеші балаларды заттардың, қоршаған құбылыстардың шын-дығын суретте шешімін табатындай етіп талдай білуге жетілді-руі тиіс. Педагог балаларды әрбір заттьщ тән қасиеттерін мү-шелей білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнін. ғажаптығына балалар-дың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, кегілдір аспанның, көктердің түсін көрсетеді. Бұл негізінен бояу түстерінің жас, қанық екендігін сезінуді арттырады.
Бұл топта натураға қарап сурет салу негізгі мақсат емес, дегенмен кейбір өзгешеліктері бар. Бұрын балалар заттар-дың құрылысы мен түстерінің тобын, белгілі бір формаларды меңгерген болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы: сурет салуға таңдап алынған бұтақтың тармақтары және көптеген жапырақтары т. б. бар. Балалар осы қасиеттерін байқап, бейнелеулері керек. Сабақтың басында балалардың затты дұрыс талдап,, қарап алғанына қарамастан, жасалған бейнені олармен салыстыру, оны қабылдауға қайтып оралу кажеттігі туады.
Табиғатпен таныстыру сабактарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табигат құбылыстарын қадағалап оты-рады, балабақша немесе топ учаскелерінде өсімдіктердің өскен-дігін, бойларының ұзарғандығын байқайды да, соларды өздері-нің суретіне енгізеді.
Балалардың еңбекпен, техникамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен танысуы олардың салған суреттерінде, мүсіндері мен аппликацияларында кеңінен бейнеленуі керек, мүнда әсіресе бейнелеу енерінің аса зор танымдық мәніне назар аударған жөн. Егер бүрынырақ балалардың назары заттың, құбылыстың сыртқы әдемілігіне аударылып, осылайша олардың эстетикалық тәрбиесінің баюы мен эстетикалық қабылдауы дамытылса, ал енді құбылыстың эстетикалық жағы онша ескеріле бермейді, әрі мұ-ны балалардың білуі тиіс. Бейнелеу өнерінің шығармаларымен тереңірек танысуға балалардың ез бетінше өмір құбылыстарына эстетикалық талдау жасай алуы көп көмектеседі.
Педагог 6 жастағы балаларды эр түрлі такырыптағы суреттерді, шағын скульптураларды, декорациялық-қолданбалы өнер, бұйымдарын түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды, қуаныш сезіміне бөленеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжиды; сонаң кейін педагогтың кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бұйымды тандап алады.
Мектепке даярлық тобындағы балаларда үйренуге деген қабілет анағұрлъш алғыр келеді. Балалар тек- тәрбиешінің айтқанын істеп қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттыруға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар кояды. Балалардың білуге әуестігі белгілі бір бағытта дамиды, білуге құштарлығы артады, өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді.
Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнердің әрбір түріне деген білуге құштарлығын жеке-жеке дамытуы тиіс, ейт-кені бұл құштарлық олардың салған суреттеріне, мүсіндеріне, аппликацияларына эсер етеді.
Сурет салу кезінде педагог балаларды өз жолдастарының жұмысын әділ де жұмыла бағалай білуге бағыттайды, олардың өз пікірлерін айтуын дамытады. Ол балаларды өз білгенін түгел езгеге үйретуге, өз жолдастарына көмектесуге үйретеді. Мәселен, сабақ үстінде балалар түрлі элементтерді қолдана отырып, декоративті ою-өрнек жасады делік. Олардын біреуі топқа тек жақында ғана келгендіктен өрнектің композициясын түсіне алмады. Мұндай жаңадан келген балаға өрнекті салудың тәсілін педагог жақсы сурет салатын бір балаға тапсырады.
¦жымды түрде жұмыс істеген кезде 6 жастағы балалар тәрбиешінің көрсеткен жұмысын ғана істеп коймай, осы жұмысты тәрбиешінің таңдауына ықпал жасайды. Кейбір жағдайларда бір столда отырған балаларға тәрбиеші ұжымдық жұмысты атқаруға келісуді, өзара міндетбөлісуді ұсынады. Ол жұмыс барысын бақылап отырады, бірақ олардың өз бетімен жұмыс жасауына көбірек еркіндік береді.
Тәрбиеші балаларды жұмыстың жоспарын өздері жасауға, яғни алдымен ойланып, болашақ суреттің мазмұнын көз алдына келтіріп, содан кейін сурет сала бастауға үйретеді. Сондай-ақ балаларға жұмысты орындау процесінде де жоспарлауды үйрету қажет: бұл баланың барлық іс-әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін-өзі қадағалауына игі әсерін тигізеді.
Педагог балаға оның өзі салған суретіне сын кезбен қарауды үйретеді. Бірақ әрқашан сынап-мінеп отыру баланы қанағаттан-дырмауы, оның суретке деген ынтасын кемітуі, өзі жасаған дү-ниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан да балаларды өз қатесін тек байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуын, бейнені кәркем етіп толықтыра білуін қалыптастыру керек, олар-дың қабілеті, іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің арақатынасын байланыстыру керек, ездері салған суреттің өзге-ге түсінікті болуын, езін қуанышқа белеуін қадағалау қажет.
Бізді қоршап тұрған ортадан ерекше, айқын, ашық заттарды таңдай білуге үйрету керек. Тәрбиеші бөліктеріне дейін айқын, бедерлі мысалы, ойыншықтар, сондай-ақ силуэті айқын көрі-нетін заттарды керамикалық заттар, вазалар таңдап алады. Балалардың осы бүйымдардың түрлі варианттарын өздері ой-лап салуы үшін тәрбиеші бұл бұйымдармен жете танысуды әрі зерттеуді ұйымдастырады, ал сонаң соң оларды бейнелеуді ұсынады.
Мектепке даярлық тобында балаларды алуан түрлі түстік. гаммаларды контрасты, бір-біріне жақын өз бетімен пайдала-нуға, оны жасай білуге үйрету кажет. Сонда балалар тек бір түстің бірнеше реңкі - болатынын біледі, түстерді айыруға жйне оларды бере білуге үйренеді, реңктерді алу үшін бірнеше түс-терді араластыру қажет екендігін сезеді.
Педагог балаларға түстердің атын өздері атауды ұсынады: сұрғылт көгілдір, сарғыш кек және т. б. Ол балаларға заттар мен құбылыстар түсінің құбылмалығын, өзгергіштігін түсіндіреді, әрі соларды суретте, аппликацияда бере білуге үйретеді.
Мысалы, балалармен күн шұгыласына беленген ашық күнгі айналадағы заттарды бақылай отырып, тәрбиеші назарды түстердің қанықтылығына, контрастылығына (алқызыл гүл күн түскенде жанып түргандай болатынына) аударады. Ал енді күн бұлтқа жасырынғанда әлгі ашық түстердің барлығы күңгірт тартады.
Бір реңкі алу үшін түрлі түстерді араластыруға үйрену баланың түстік палитраны еркін әрі әрқалай пайдалануына мүмкін-дік береді. Тәрбиеші мұндайда балаға көмектесуі тиіс. Бала көбіне түнеріңкі аспанды бейнелейтін күңгірт түсті немесе нәзік қызғылтым түсті, сондай-ақ ағаштың күңгірт жапырағын, гүлдің көгілжім сұр сабағын бейнелейтін түстерді іздейді.
Балалардың балабақшада алған білімі мен шеберліктері олардың ешбір қиындықсызақ сурет салуларына, қол еңбектеріне, жазуға үйренуіне және өзінің күш-жігерін топтың көпшілік жұмыстарына жұмсауына, графикалық және аппликациялық жұмыстарды жүргізуіне қабырға газеттерін шығаруына үлкен септігін тигізеді.
ҚОРТЫНДЫ
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айналған қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті жаңаша ойлайтын, жан – жақты білімді « Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу керек. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Баланы нәрестеден тұлғаға жеткізу қазіргі бағдарламаның мақсаты.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жас ерекшеліктерін, қабілетін, есін дамыту, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиканттармен жүргізген көптеген психологиялық – педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясы мен үздіксіз байланыста екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, балаларды жан жақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруда есін дамыту қажеттілігі туындайды.
Балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту кезеңі - мектепке дейінгі жас. Баланы мектепке дайындауда бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор. Осы мәселені шешуде шығармашылық саласы аясында жүргізілетін сабақтар негізінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту бағытында оқу- тәрбие процесі ұйымдастырылды.
Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту басты міндет.
Біздің жүргізілген әдістеріміз мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту ерекшеліктерін анықтауға бағытталды. Жүргізілген зерттеу жұмысы балабақшада өткізілді.
Алынған екі топ зерттелінушілерінің әдістерден шыққан нәтижелерін салыстырдық. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу әдістері өткізілгенде балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамытуға бағытталған әрекеттері зерттелінді.
Қортындылай келе төмендегідей ұсыныстар береміз:
1. Мақсатқа сәйкес педагогикалық, психологиялық әдебиеттерден қажетті әдістерді дұрыс таңдай білу.
2. Таңдап алынған әдістемелерді жүйелі уақытына сәйкес жүргізу.
3. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізу.
Осы ғылыми-тәжірибелік жұмысымызда төмендегідей әдістер мен жаттығулар өзінің тиімділігін дәлелдегендіктен, оларды болашақта пайдалану ұсынылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265.
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
5. «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.
6. Куцанова Л.В. "Конструирование и ручной труд в детсаде" М., Просвещение, 1990г.
7. Романова В.И. "Дидактический материал по трудовому обучению" М., Просвещение, 1990г.
8. "Методическая разработка по ознакомлению дошкольников с произведениями искусства в процессе занятий по изодеятельности " Алма-Ата, 1988г.
9. Сакулина Н.П. "Методика обучения рисованию, лепке и аппликации в детсаде" М., Просвещение, 1966г
10. Казакова Т.Г. "Развивайте у дошкольников творчество" М., Просвещение, 1965г
11. Сакулина Н.П. "Рисование в дошкольном детстве" М., Просвещение, 1965г
12. Гульянц Э.К. "Учите детей мастерить" М., Просвещение, 1984г
13. "Воспитание дошкольников в труде" М., 1983г.
14. Беляков Н.Д., Покровская А.И. "Кружок умелые руки" М., 1957г.
15. Давичук А.А. "Развитие у детей конструктивного мышление" М., 1976г.
16. Тверина Е.А. "Изобразительное творчество детей дошкольного возраста" М., 1956г.
17. Карбушева Г.И. "Ознакомление детей дошкольного возраста с Казахстаном" Алма-Ата, Мектеп, 1975г.
18. Тимофеевский А. "Богородская игрушка" М., издательство "Малыш", 1988г.
ҚОСЫМШАЛАР
Тақырыбы: «Қарақат бұтағы»
Мақсаты:Дәстүрден тыс әдісті пайдалану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Мақталы таяқшаларды пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғат әсемдігіне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам, мақталы таяқшалар.
Мақталы таяқшалармен жұмыс істеу үлгісі:
Жай қарындашпен қарақаттың сабағының пішіні салынады.
Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.
Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.
Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.
Сабақтың жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.
Көркем сөз:
Аулада бар бүлдірген,
Жалықпа тер бір-бірден.
Қышқылтым тәтті қарақат,
Қарақат теру рақат-ақ!
Сергіту жаттығуы:Дайын қағаз, қарандаш, (екі қолды алдына жаю)
Бояуды таңдап аламын. (оң қолды созу)
Пісіп тұрған қарақаттың, (сол қолды жоғары созу) Суретін мен саламын. (сурет салынған бейне жасау)
Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?».
Ойынның мақсаты:Сенсорлық операцияларын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ойынның мазмұны: Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.

Тақырыбы: «Жайдарлы жаз» (қағазды екіге бүктеу)
Мақсаты: Балалардың табиғат әлемінің әдемілігіне қызығушылықтарын арттыру. Бояулардың түстерін ауыстырып, қағазды екіге бүктеу әдісін қолдануды үйрету. Суреттен алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге баулу.
Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, қылқалам.
Жұмыс жасау үлгісі:
Қағазды екіге бүктеу.
Бүктелген қағазды жазып, төменгі бөлігін көк түспен бояу.
Жоғарғы бөлігіне күннің, талдардың, бұлттың суретін салу.
Суретті салып болған соң, қағаздың екі бөлігін беттестіріп, сыртынан ысқылау.
Қағазды қайтадан жазып, жоғары бөлігіндегі суретті қайталап бояу.
Ескерту: Жұмыс барысында бояулардың сулы болғаны жақсы. Бояулар кеппей тұрып, шапшаң қимылдау керек.
Көркем сөз: Табиғат қандай тамаша,
Көз тартар қараса.
Қызыл жасыл төңірек,
Бейне жайған алаша.
Сергіту жаттығуы:Тербеледі ағаштар, (қолды тербелету)
Алға артқа шайқала. (алға артқа жылжыту)
Қызғалдақтар жайқала, (қолды көтеріп ырғалу)
Қандай әсем айнала. (екі жаққа созу)
Дидактикалық ойын: «Суретті аяқта».
Ойынның мақсаты: Қиялдарын дамыту, қол қимылдарына арналған қарапайым жаттығулар жүргізу.
Ойынның мазмұны: Балаларға Дымбілместің қонаққа келетіні хабарланады. Оның балаларға сурет салғысы келетінін, бірақ жетекші не салғысы келетінін ұмытып қалғынын айтады. Оған көмектесіп, суретті аяқтауды ұсынады. «Сиқырлы теңіз», «Сыйқырлы орман» үлгіде тақырыптық сурет салуға арналған бірнеше элементтер беріледі.


Приложенные файлы


Добавить комментарий