План урока по профессиональному казахскому языку на тему Д?некерлеуді? даму тарихы (2 курс)


Рудный құрылыс және көлік колледжінің
I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сақтағанова Инеш Әшімқызы
Күні:
Топ:
Сабақтың тақырыбы: Дәнекерлеудің даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға дәнекерлеудің даму тарихы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: Білім алушыларды кәсіби терминдермен таныстыра отырып, сөздікті дұрыс пайдалануды үйрету;
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны ластамау, отырған жерін, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, арнайы пән
Көрнекілік: В.В.Петров, Н.Н.Бенардос және Н.Г.Славяновтың суреттері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) кезекшімен сұхбат.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Терминдерді сұрау.
Дәнекерлеуші-
Дәнкерлеу-
Түйіспелі-
Қожды-дәнекерлеу-
3.Жаңа сабақ: Дәнекерлеудің даму тарихы
Сендер арнайы пән сабағын оқып үйренген кезде, ең алғашқы дәнекерлеушілерді өттіңдер. Олар кімдер, неге оларды өнертапқыштар дейді?
Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Дәнекерлеудің даму тарихы.
Электр доғасының жалынын пісіру мақсаты үшін пайдалануды орыс ғалымдары В.В.Петров, Н.Н.Бенардос және Н.Г.Славянов ойлап тапқан.
1802 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет Санкт-Петербург медициналық-хирургиялық академиясының профессоры Василий Владимирович Петров электр доғасы жаңалығын ашты. 1803 жылы бұл құбылысты өзінің «Известие о гальвани-вольтовских опытах» кітабында сипаттап, электр жарықтандыру және металдарды балқыту үшін доғаларды іс жүзінде қолдану мүмкіндігін көрсетіп берді.
81915103505Орыс өнертапқышы Николай Николаевич Бенардос 1882 жылы алғаш рет шоғырландырғыш батареясынан шыққан электр энергиясынан қоректенетін көмірлік доғаны пайдалана отырып, металдарды біртұтас етіп жалғастыру үшін электр доғасын қолданды. Ол 1885 жылы «Электр тогының тікелей әсерімен металдарды жалғастыру және ажырату әдісі» деген атаумен патент алды. Н.Н.Бенардос қазіргі өнеркәсіпте қолданылатын пісірудің бірқатар басқа түрлерінің авторы болып табылады.
Рис SEQ Рисунок \* ARABIC 1. Первый электрический генератор для сварки, разработанный и построенный Н.Г.Славяновым
-9906020955Бірнеше жылдардан кейін, 1988 жылы орыстың инженер –металлургі және өнертапқышы Н.Г.Славянов металдық электродпен пісірудің түрін талдап-жасап, «Металлдарды электрлік құюға арналған аппараттар және оның әдісі» және «Металл құймаларды электрлік тығыздау әдісі» деп аталатын екі патент алды. Н.Н.Бенардос пен Н.Г.Славяновтың жаңалықтарының іс жүзіндегі құндылығы айқын болғанмен, Қазан төңкерісіне дейін металдарды жалғаудың бұл ілгермелі әдісі Ресейдің техникалық мешеулігі себебінен кең қолданыс таппады. Тек кеңес дәуірінде ғана бұл процесс кең өріс алды.
Сөздік:
медициналық-хирургиялық академиясы- медико-хирургическая академия
электр жарықтандыру -электрического света
көмірлік доға- древесный уголь.
өнертапқыш-изобретатель
электр доғасы-электрическая дуга,
«Электр тогының тікелей әсерімен металдарды жалғастыру және ажырату әдісі» -
«Способ соединения и разъединения металлов непосредственным действием электрического тока».
металдық электродпен пісіру- дуговая сварка металлическим электродом
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Электр доғасын кімдер ойлап тапты?
Электр доғасы жаңалығын ашқан кім?
В.В.Петров қандай еңбек жазды?
Н.Н.Бенардос электр доғасын не үшін пайдаланды?
Н.Н.Бенардос қай жылы патент алды?
Қазан төңкерісіне дейін электр доғасы қалай пайдаланылды?
7. Кеңес дәуірінде металдарды жалғау әдісі қолданыс тапты ма?
1-жаттығу. «Дәнекер» сөзін дұрыс пайдаланып, көшіріп жазыңыз.
Батырып дәнекерлеу (Пайка погружением) — компоненттері ілмелі платаны ыдыстағы балқыған ... бетімен жанасқанша төмендетіп, белгілі уақыт өткенше ұстап тұрып дәнекерлеу. Батырып .... екі түрі бар: толқындық ... және ағындық ... . Толқындық ... кезінде сұйық .... әзі құйылған ваннаның төменгі қабаттарынан, бойлық саңылаулар арқьлы ...  толқынын құрып, сорғымен плато астына беріледі.
... плата горизонталь бағытта жылжытылып, ... толқыны онымен жоғары қырымен жанасады. Ағындық ... кезінде плато ағын жалы үстінен, толқындық ... кезінде горизонталь бағытта қозғалып отырады. ... биіктігі ғана емес, бағыты бойынша да реттеуге болады, ал бұл ... жеңілдетеді.
Қажетті сөздер: Дәнекерлеу, дәнекерлеуді, дәнекерлеудің, дәнекер, дәнекерленетін, дәнекерді
2-жаттығу. Сөздерді сәйкестендіріңіз.
Кеңес пісіру
орысэлементпен
металдарды бұйым
электродпендәуірінде
электр ғалымдары
металдарды доғаны
көмірлікбалқыту
ауа жалғау
пісірілетін арқылы 
доға жарықтандыру
HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%93%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%8D%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82&action=edit&redlink=1" \o "Гальваникалық элемент (мұндай бет жоқ)" гальваникалықжылуы

Сабақты бекіту: бүгінгі өткен сабақты пайдалана отырып, мына сөздердің қазақша баламасын табуға тырысайық.
Автоматическая дуговая сварка-
Лазерная сварка-
Холодная сварка-
Дефект-
Трещина-
Флюс для дуговой сварки-
 сварочный флюс-
Қорытынды:
Үй тапсырмасы: Орыс өнертапқыштары мәлімет.
Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларға баға қою.

Приложенные файлы


Добавить комментарий