11-сынып географиядан саба? Италия


Италия
Сынып: 11Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.Сабақ мақсаты: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру.Сабақ міндеті:1.Білімдік: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру.2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмысҚұрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,Барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең1.Сәлемдесу2.Балаларды түгендеу.3.Балалардың назарын сабаққа аударуІІ. Өткен сабақты шолуСұрақтар мен тапсырмалар:1. Ұлыбританияның табиғат жағдайларының басты белгілерін атаңдар.2. 2-суретті және оқулық мәтінін пайдаланып, Ұлыбритания халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап, оның себептерін түсіндіріңдер.3. Ұлыбритания халқының урбандалу дәрежесіне, үлкен қала агломерацияларының пайда болуына не әсер етті?4. Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, Ұлыбритания қалалары туралы хабарлама дайындаңдар.5. Ұлыбритания қандай экономикалық даму кезеңдерінен өткендігін естеріңе түсіріңдҰлыбритания экономикасының дәстүрлі және жаңа салаларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?7. Қазақстанда қандай британдық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді? Францияның шаруашылық дамуына қандай факторлар әсер етеді?8. Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымында қандай айырмашылықтар бар? Олардың себебін түсіндіріңдер.9. Франция ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына не себепші болды?10. Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын қандай бағытта дамытуға болады деп ойлайсыңдар? Жауаптарыңды нақтылаңдар.11. Оқулық мәтіні мен карталарды, анықтамалық кестелерді пайдаланып, Францияның шаруашылық құрылымын Ұлыбританиямен және Германиямен салыстырыңдар.1-кесте. Екі мемлекеттің ЭГЖ салыстыру.Сұрақтары Франция Ұлыбритания1. Ауданы2. Көрші мемлекеттер3. Халқы4. Табиғат ресурстарына бай ма? Қандай түріне бай?5. Экономикалық даму деңгейі қандай?6. Қандай ұйымдарға мүше?7. ЖІІ мөлшері қанша?8. Жан басына шаққанда қанша?9. Қандай шаруашылық түрі өте жоғары дамыған?10. Ғылымды көп қажет ететін дамыған шаруашылық салалары11. Әлемге әйгілі .... бар?ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.ИталияЖерінің ауданы – 301,3 мың шаршы км.Халқы - 58 млн адам.Астанасы – Рим .Мемлекеттік құрылымы - парламенттік республика.Мемлекеттік басшысы - президент.Үкімет басшысы - премьер-министр.Заң шығарушы органы - парламент.Мемлекеттік тілі - итальян тілі.Ақша бірлігі – еуро.ІҮ. Бекіту.4.1.Пікірталас бұрышы. Тарих пәнінен алған және қосымша басқа да ақпарат көздерінен алған білімдеріңді пайдалана отырып, Италия мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін атаңдар.4.2.Сұрақтар мен тапсырмалар:§10- бойынша кесте толтыру. 1-кесте. (Оқулықты және атлас-картаны пайдалана отырып, кестені өз бетімен толтыру )4.3. Италияның картасын кескін картаға түсіру:1. Италияның шекарасы2. Шектесетін мемлекеттері3. Астанасы мен ірі қалалары4. Әкімшілік бөліктері мен олардың орталықтары5. Жер бедері мен пайдалы қазбалары4.4. Италия экономикалық картасын кескін картаға түсіру.Ү. Қорытындылау. «Жедел сұрақ - жедел жауап»1. Италия аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға беру. Жауаптарды мысалдармен толықтыру.2. Италия жеріне қандай табиғат зоналары тән? Олардың басты ерекшеліктері қандай?3. Италия. халқының қоныстану сипатын анықтама беру. Басты қала агломерацияларын табу.ҮІ. БағалауҮІІ.Үйге тапсырма: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.(оқу, мазмұндау, конспектілеу).



Приложенные файлы


Добавить комментарий